Бүгін - «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Халықаралық Телерадиотаратушылар Ассоциациясының  мүшесі атанған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Халықаралық Телерадиотаратушылар Ассоциациясының  мүшесі атанған күн

17.06.2016
Бүгін - «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Халықаралық Телерадиотаратушылар Ассоциациясының  мүшесі атанған күн

2013 жылдың 17-маусымында «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Халықаралық Телерадиотаратушылар Ассоциациясының (Association for International Broadcasting - AIB) мүшесі атанды.

Аталған ұйымға мүшелік ету Корпорацияға бірқатар айрықша мүмкіндіктер беріп отыр. Оның ішінде халықаралық тәжірибе негізінде медиа-активтерді басқаруды жетілдіру міндеттері іске асырылады.

Штаб-пәтері Ұлыбритания астанасы - Лондонда орналасқан Халықаралық Телерадиотаратушылар Ассоциациясы 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның қатарында BBC World, Al Jazeera, Bloomberg, Eurosport, France 24, Russia Today, Deutsche Welle сынды 50-ден аса ірі халықаралық және ұлттық телерадиотаратушылар бар.

Ассоциация халықаралық медиа-салада корпорацияның мүдделерін жылжытуға, корпорация туралы ақпаратты Ассоциация басылымдары мен сайтында жариялауға, шетелде маркетингтік кампаниялар өткізуге қолдау көрсетеді.

Осы ұйымға мүше бола отырып, «Қазақстан» РТРК АҚ ірі халықаралық телерадиотаратушылармен стратегиялық әріптестік туралы келісімдер жасаса алады.

Хабарламаларға жазылу