Қытайдың Юньнань провинциясында лай көшкіні жүріп, 47 адам жоғалып кетті. Бірнеше ауылды топырақ басып қалған. Үйлер құлады. Табиғи апаттан зардап шеккен ауданда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 500-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Әзірге көшкінге не себеп болғаны белгісіз. Билік тексеру жүргізіп жатыр. Апат болған жер таулы аймақта орналасқан. Мұнда лай көшкіні жиі болып тұрады.
Арай Төлегенқызы