Т.Гессель: Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу энергияны үнемдеуге септігін тигізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Т.Гессель: Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу энергияны үнемдеуге септігін тигізеді

22.01.2024

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу – әлемдік тәжірибе. Соңғы он жылда/ бірқатар ел саяси және экономикалық себептерге байланысты уақыт белдеулерін өзгертті. Ол экономикалық және географиялық тұрғыдан оң ықпал береді. Арнамызға сұхбат берген АҚШ-тың ФлорИда шататындағы Дүниежүзілік тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау орталығының Президенті Томас Гессель, осылай деді. Оның айтуынша, еліміздің бірыңғай уақыт белдеуге өтуі- экономикаға оң ықпал береді.

Томас Гессель – World Funding дүниежүзілік тұрақты даму компаниясының президенті:

Географиялық тұрғыдан алғанда, Қазақстан UTC+5 уақыт аумағының едәуір бөлігін алып жатыр. Қазақстан осы уақыт белдеуіне көшсе, табиғи күн уақытымен сәйкес келеді. Ал бұл энергияны үнемдеу тұрғысынан тиімді. Себебі, стандартталған уақытта адамдар күндіз жарықты көп қолданбайды. Осылайша энергия көзіне сұраныс азаяды. Қазір көп ел бұл шешімді осы тұрғыдан ұтымды санап отыр. Қытай мен Үндістан сияқты басқа елдер бірыңғай уақыт белдеуіне көше отырып, энергияны үнемдеуден бастап ақпараттық технологияларда бірқатар артықшылықтарға қол жеткізді.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу