Оралда зиянкес уынан бір отбасы зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда зиянкес уынан бір отбасы зардап шекті

22.01.2024

Оралда қырықаяқтың уынан бес адам зардап шекті. Ішінде бес жасар қыз бала бар. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы тұрғын зяинкестерді жою үшін пәтеріне химиялық зат сепкен. Салдарынан, көпқабатты үйде тұратын көршілері уланып қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері түнгі сағат 22:00-де бес адам жедел жәрдем арқылы қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Олардың біреуі - ер адам, үшеуі әйел адам және біреуі бүлдіршін. Бәрі де таңға дейін дәрігерлердің бақылауында болып, жағдайлары тұрақталған соң үйлеріне жіберілген.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу