Италиялық компания Қазақстанда газ-химия кешенін салуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италиялық компания Қазақстанда газ-химия кешенін салуға ниетті

22.01.2024

Италиялық «Maire Tecnimont» компаниясы Қазақстанда газ-химия кешенін салуға ниетті. Бұл туралы «Ақорда» бағдарламасында айтылды. Мемлекет басшысы Римге ресми сапарында аталған компанияның бас директоры Алессандро Берниниді қабылдады. Кәсіпорынның декарбонизация және энергетикаға көшу жөніндегі жобаларды іске асыру ісінде мол тәжірибесі бар. Сапар аясында Eni компаниясы Ақтөбе және Түркістан облыстарында 150 МВт болатын жел және күн электр станциясы жобаларымен де айналысатыны белгілі болды. Президент бұл істі жоғары бағалады. Жалпы елімізде Италия капиталының үлесі бар 300-ге жуық компания табысты жұмыс істейді.

Алессандро Бернини, «Maire Tecnimont» компаниясының бас атқарушы директоры:

 Біз Қазақстандағы инженерлерді оқытуды жоспарлап отырмыз. Бұл жергілікті экономиканың өркендеуіне ықпал етеді деп ойлаймын. Президент мырза бұл ұсынысты жақсы қабылдады. Бірлесіп жұмыс істейміз.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу