Президенттің Италияға сапары – әлем баспасөзінің назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Италияға сапары – әлем баспасөзінің назарында

20.01.2024

Әлем ақпарат құралдарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға сапары жайлы материалдар жарық көріп жатыр.

Бұл тақырыпқа түріктің «Анадолы» агенттігі де тоқталып, Қазақстан басшысының Рим Папасы Францицкпен кездесуін хабарлаған. Ол материалда Тоқаевтың бүгінгі геосаяси тұрақсыздықтың жаһандық қауіпсіздікке нұқсан келтіріп жатқаны туралы мәлімдемесі беріліпті.

Қазақстан Президентінің Римге сапары Ресейдің ТАСС агенттігінің де назарынан тыс қалған жоқ. Оның хабарлауынша, осы сапардан кейін Италияның «Неос» әуе компаниясы Астанадан Рим мен Миланға тікелей рейс ашатыны белгілі болып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу