Қызылордада көлік қозғалысына арналған 4 ірі көпір бар. Соның екеуінде ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға мініп-түсетін жеделсаты болса да, істемейді. Арбаға танылған азаматтар өткелге міне алмайды. Тұрғындардың мәселесін тілшіміз Әділбек Серікұлы тыңдап қайтты.