Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр.
Сондай басылымдардың бірі - күн сайын шығатын «Иль фолио» газеті. Мақалада «Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Бұл - Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықтың үлкен белгісі»,- деп жазылған. Бұған қоса автор байланыстар саяси, экономикалық және мәдени салада дамып жатқаны атап өткен.
Ал «Иль Темпо» басылымы жариялаған мақала «Италия президенті Астананы екі ел арасындағы ынтымақтасты қарқынды ете түсуге шақырды» деп басталған. Қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатқа ие екені де .
Арай Төлегенқызы