Желіде Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкеріне конверт беріп жатқаны видеосы тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Желіде Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкеріне конверт беріп жатқаны видеосы тарады

19.01.2024

«Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілі облыстық әкімдіктің қызметкеріне конверт беріп жатқаны видеоға түсіп қалған». Әлеуметтік желіде тез таралып, қызу талқыға түскен бейнежазбаға осындай пікір айтылып жатыр. Расында да, таспада бір ер адамның екіншісіне конверт беріп жатқаны байқалады. Оны алып жатқан адам облыс әкімі орынбасарының көмекшісі деп болжам айтылуда. Бірақ, әкімдік бұл ақпаратты растамады. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ол адам әкімдіктегі басқарманың бірінде маман болып істеген және биылғы жылдың 8-інші қаңтарында жұмыстан шығып кеткен. Сондай-ақ, ол әкім орынбасарының көмекшісі қызметін ешқашан атқармаған. Ал «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы видеодағы конверт беріп жатқан адам өз қызметкері екенін растады.

Нарек Гегамян, «Ақтөбе» ӘКК басшысының орынбасары:

Бұл бірінші орынбасар Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының, Әжниязов Руслан, екінші адам, бұл енді видео ғой, біз қазір айта алмаймыз, бірақ видеода көрсетілген ақпарат бойынша, бұл – облыс әкімі орынбасарының көмекшісі. Айтылған жай бойынша тексеріледі. Бүкіл сотрудниктерден түсініктеме алынады. Басқа да жұмыстар жүргізіледі. Қосымша сіздерге хабарланады.


Хабарламаларға жазылу