Үндістанда қайық аударылып, 12 оқушы суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда қайық аударылып, 12 оқушы суға кетті

19.01.2024

Үндістанда қайық аударылып, 12 оқушы мен олардың екі мұғалімі суға кетті. Қайғылы оқиға Вадодара қаласындағы Харни көлінде болған. Құтқарушылар бірнеше баланы судан аман алып шықты. Апат алдында қайықта қанша адам болғаны белгісіз. Бірақ, жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, су көлігі адам тым көп мінгендіктен апатқа ұшыраса керек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу