Италияның орталық баспасөз қызметі екі ел Президенттерінің кездесуін онлайн режимде көрсетті. Италия Президенті Сержо Маттарелла мемлекеттерімізді стратегиялық маңызы бар ынтымақтастық, әрі халықаралық аренадағы ортақ ұстаным байланыстыратынын айтты. Біріккен ұлттар ұйымының, жан-жақтылықтың принциптері де екі ел арасындағы қарым-қатынасты жеңілдете түседі. Сондықтан экономикалық байланыстың да әлеуеті зор деді ол.
Оңғар Алпысбай