Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында алаяқтық жолмен ақша табуды кәсіп қылған қылмыстық топ ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар мен ферроқорытпа зауыты жұмысшыларына түрлі қаржылық көмек көрсетіп, ақшаны еселеп береміз деп, айламен 25 млн.теңге жинап алған. Алданып қалғандарын түсінгендер, әлі де арызданып жатыр. Күдіктілер шағын шаһар тұрғындарын бірнеше жылдан бері қан қақсатып келген.
Асхат Абетжанов, облыстық полиция департаментінің басқарма бастығының орынбасары:
Екі адамды қамадық. Олар алаяқтық жолмен алты адамнан ақша алған. Қазір басқада қылмыстар жасауы ықтимал деген күдікпен тексеріліп жатыр. Әзірге уақытша ұстау изоляторында отырады.
Болат Аманбаев