Астанадағы тұрғын үйлердің ауласы қоқысқа көміліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы тұрғын үйлердің ауласы қоқысқа көміліп жатыр

18.01.2024

Астанадағы тұрғын үйлердің ауласы қоқысқа көміліп жатыр. Қас қарая бастағанда айналасында бұралқы иттер қаптап кетеді. Ата-аналар балаларын мектепке жетектеп апарып-әкелуге мәжбүр. Ал жауапты мекемелер «Бізде техника тапшы», - деп ашығын айтты. Қазір елордада қоқыс тиейтін 80 көлік қана бар. Ескірген техникалар екі-үш күн сайын істен шығады екен. 

Елордалық Зарина Керуенова бірнеше жылдан бері қоқыстан көз ашпай келеміз деп қапалы. Ал жаз кезінде тұрғындар қоқыс контейнерінің маңынада жолай алмайды. Себебі, бес адым жерден қолқаны қабатын иіс шығады. Заринаның айтуынша, кешқұрым, осы маңды бұралқы иттер торуылдап жүреді екен.

Зарина Керуенова, қала тұрғыны:

Тұран көшесі мен Бұқар жырау көшесінің қиылысындағы үйдің қасында, сол жерде иттер көп жүреді. Мен өйткені қызымды сол берге балетке апарамын. Сол жерде мусордың қасында үйсіз жүрген иттерді көреміз.+ 01:05-01:17 Мынандай болып жатқаны дұрыс емес қой. Бұл Елорда. Қаншама шетелден адамдар келеді, деген сияқты. Қаншама қонақтар келеді. Әр қала өзінің статусына сай болу керек деп ойламын.

Астанада тұрмыстық қалдық тастайтын жердің біразы қоршалмаған. Боран соғып, жел тұрса көрікті қаланың кей жерін күл-қоқыс басып қалады.

Тәуірбек Бозекен, тілші:

Бұл Астана қаласының қақ ортасында орналасқан 84-ші орта мектеп. Қазір бұл жерде қоқыс деген үйіліп жатыр. Алайда, адамдардың айтуынша бұлар тұрғын үйлерден шыққан қоқыс емес. Айналада мейрамхана мен кафе және де дүкен көп. Сол дүкеннің иелері қоқыстарды әкеліп үйіп тастайды екен, осы жерге. Мінекей, кәдімгі қорапшалар.

ҚОҚЫС ШЫҒАРАТЫН ТЕХНИКА ТАПШЫ

Қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқару бөліміне ай сайын 300-ге жуық арыз түседі екен. Олардың үштен бірі ғана ескеріледі. Өйткені, қазір елордаға қоқыс шығаратын 120 техника жетіспейді. Соның кесірінен, тәулік сайын 300 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық қала ішінде қалуда. Ал эколог Әділ Нұрпейісов Астанадағы жерге көмілген контейнерді көтеретін арнайы құрылғының өзі тапшы дейді.

Әділ Нұрпейісов, эко қоғамдық ұйымның басшысы:

Астана мен Алматы қаласын алатын болсақ, ол жерде жерге көмілген көмілген контейнерлерді қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жұмыстарды біз қоғамдық ұйымдар, ол жұмысты біз дұрыс емес деп ойламыз. Өйткені, ол контейнерлерге басқа крандар керек. Оның барлығы «высотный» жұмыстар. Елорданың білесіздер, ол жақтағы желді. Сол желге қарап олар жұмыстарын жүргізбейді.

ҚОҚЫС ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕДІ?

Ал қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқару бөлімінің бас маманы тұрғындарға қоқысты сұрыптап салуды ақыры үйрете алмай қойдық дейді.

Нұралы Елібаев, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқару бөлімінің бас маманы:

Негізі сұрыптау Астана қаласына 2018-ден бері енгізілген. Бірақ сұрыптау қазіргі уақытта контейнерлерді қойып қойғанбыз. Оны бір шетінен халықта сұрыптамайды. Жаңағы алып кеткен компания бәрін бір машинаға салып, енді тек МПК-ның тереториясында сұрыптау машиналары тұр. Сол жерде қолмен сұрыпталады.

Жауапты мамандар қоқыстың көбеюіне, қала халқының өсуі себеп, - дейді. Ал, былтыр 5 ауданға 120 арнайы көлік үлестіреміз деген уәде әлі орындалған жоқ. Әкімдік өкілдері қаулы кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр деген жауаппен ғана шектелді.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу