Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлайық – сенатор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлайық – сенатор

18.01.2024

Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлайық. Сенат депутаты Әли Бектаев осындай ұсыныс айтты. Жаңа жыл уақыт өткен сайын «қып-қызыл шығынға бататын, үреймен жүретін мерекеге айналды, - дейді. Сенатор мемлекет қаржысының желге ұшып жатқанын баса айтты. Соның бірі – миллиондарға салынып, қыс бітпей еріп кеткен мұз қалашықатары. Сондықтан Қазақстанда Жаңа жылды атап өтудің ерекше идеологиялық, әлеуметтік дәстүрін қалыптастыру қажет екенін атап өтті. 3000 жылдық тарихы бар Наурыз мейрамы – терең дәстүрге ену керек, - дейді. Ол үшін жалпы ұлттық концепция қабылдауды ұсынды. Ұлыстың Ұлы күнінде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қайырымдылық акцияларын өткізу жайын да қозғады. Мерекенің тарихы мен маңызын дәріптеу үшін мектеп оқулықтарына да біршама материал енгізу туралы да сөз болды.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Наурыз – халқымыздың рухани және еңбек мерекесі. Бұл күн ежелден-ақ ынтымақ пен ырыс мейрамы. Президентіміз айтқандай, Наурыз жаңару мен жаңғырудың символына айналуы тиіс. Сондықтан мемлекетімізде балабақшадан бастап барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдарында, әрбір отбасыда Наурыз мерекесін дәріптейтін, дәстүрге мұрындық болатын әр азаматтың санасына сіңдіре білетін жалпыұлттық консепция қабылдау керек деп есептейміз.


Хабарламаларға жазылу