Ақтауда үлескерлердің қаржысын заңсыз пайдаланған 35 құрылыс компаниясы анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 27 млн теңге айыппұл салынды. Одан бөлек, 5 тұрғын үйдің құрылысына қатысты құзырлы органнан қауіпсіздік туралы оң қорытынды алынған.
Сөйтіп мыңға жуық үлескердің құқығы қорғалды. Прокуратура органдарының мәліметінше, өңірде тиісті заңды бұзып, әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда пәтер сататын компаниялар көп. Сондықтан олар тұрғындарды рұқсат құжаттары жоқ құрылыс мекемесімен заңсыз келісім-шарт жасамауға шақырды. Айта кетейік, Ақтауда 28 заңсыз құрылыс анықталған. Соның үшеуі сүрілді.
Аягөз Оралбайқызы