Алматыдағы таулы аймақтың кейбір бөлігіне блок-бекеттер қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы таулы аймақтың кейбір бөлігіне блок-бекеттер қойылды

18.01.2024

Алматы қаласының таулы аймағында қар көшкіні жүру қаупі бар. Мұны қаланың Төтенше жағдайлар департаменті ескертіп отыр. Қауіптің алдын алу үшін Аюсай бөгетінен жоғары және Шымбұлақ-Тұйықсу мұздығы автожолында блок-бекеттер орнатылды. Желтоқсаннан бері жолдардың алдын ала жабық учаскелерінде және адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 27 мың текше метрден асатын 23 қар көшкіні болған. Зардап шеккендер жоқ, - дейді мамандар. Сондай-ақ, жару әдісімен 7 мың текше метрден астам қар түсіріліпті.

Дамир Төлебаев, қалалық ТЖД ТЖ алдын алу басқармаснының инженері:

Алматы қаласы ТЖД Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде қатты жауын-шашын түсуіне және қар жамылғысының биіктігіне байланысты ағымдағы жылдың 17-18 қаңтар аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзіндерінің алаптарына қар көшкіні жүру қаупі сақталатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты қарлы беткейлерге шықпауларыңызды сұраймыз, абай болыңыздар.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу