Оралда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен адамдардың хәлі орташа - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен адамдардың хәлі орташа

18.01.2024

Оралда дәмханадағы жарылыстан зардап шегіп, ауруханада жатқан адамдардың хәлі орташа. Даяшы болып жұмыс істеген екі бойжеткенді туыстары Самара қаласындағы күйік орталығына алып кеткен. Ал бір Өзбекстан азаматы жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған екі ер адам палатаға ауыстырылған. Дәрігердің айтуынша, олардың жағдайлары орташа.

Айта кетейік, «Ризық» дәмханасындағы жарылыс пен өрттен үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алған болатын. Ал қатты дүмпуден терезесі сынып, қабырғасы бүлінген көрші үйдегі 4 пәтер мен екі бизнес нысанның шығынын мердігер өтеді. Жарылыс пен өрттің неден шыққаны әлі анықталған жоқ. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу