Соңғы екі тәулікте Өскеменді көк түтін басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы екі тәулікте Өскеменді көк түтін басты

18.01.2024

Соңғы екі тәулікте Өскеменді көк түтін басты. Өйткені желсіз күндері қаладағы ірі зауыттар мен жылыту орталығынан шыққан түтін ауада тұрады. Оған автокөлік түтіні мен көмір жағатын жер үйлерден шыққан түтін қосылып, эко ахуалды одан сайын ушықтырады. Әсіресе, аязды күндері ауаның ластануы ең жоғарғы шектік деңгейге жетеді, - дейді мамандар. Мұндай кезде тыныс жолдарының созылмалы ауруына шалдыққан адамдар қиналады. Үлкендердің көзі қызарып, басы айналса, балалардың тамағы ауырып, лоқсиды. Сондықтан дәрігерлер ауа ластанған күндері далада көп жүрмеуге кеңес береді. 


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу