Қызылордада аспалы көпірдің жігі ажырап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада аспалы көпірдің жігі ажырап барады

18.01.2024

Қызылордада қала мен Сырдарияның сол жағалауын жалғайтын аспалы көпірдің жігі ажырап барады. Өткелдің қосылған тұстары 10 сантиметрге дейін алшақтаған. Көпірдің үстіндегі жарықшақтың үлкейгенін қала тұрғындары да байқап, түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті. Көлік жүргізушілері де, көпірдің жалғанған жеріндегі ақау/ қозғалыс кезінде байқалатынын айтады. Аспалы көпір 2017 жылы ел игілігіне берілген. Жыл сайын оны күтіп ұстауға бюджеттен 10 миллион теңге бөлініп келеді. Әкімдік өкілдері, өткел жігінің ажырауын/ соңғы күндері күн райының суытуымен байланыстырып отыр.

Байзақ Байманов, қала тұрғыны:

Сол жағалаудағы көпірдің қоспалары ажыраңқырап тұр. Жүрген кезде мынау шопырларға білініп, авариялық жағдайда тұр енді. Жалпы алаңдаймыз ғой енді. Жөндеуге келсе жөнделетін реті болса соның.

Ғалымжан Еркебай, қала әкімінің орынбасары:

Көпірдің деформационный жігтері қыстыгүні өзі ашылып, жазда қайта тартылады. Көпірдің конструкциясына байланысты ешқандай деформациялар жоқ. Қосымша тағы да тиісті мамандарды тарта отырып зерттейтін боламыз.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу