Сауд Арабиясында Дакар ралли-марафоны тартысты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында Дакар ралли-марафоны тартысты өтіп жатыр

17.01.2024

Сауд Арабиясында Дакар ралли-марафоны да тартысты өтіп жатыр. 9-шы кезеңде жол талғамайтын көліктер арасындағы сайыста француздық пилот Себастьен Лёб топ жарды. 639 шақырымға созылған арнайы учаскені ол 4 сағат 17 минут 33 секундта бағындырды. Жүк көлігін тізгіндеген спортшылар арасында голландтық шабандоз Герт Хузинк бәрінен басым түсті. Квадроциклдер категориясында Александр Жирудың жолы болды. Ол өзінің басты қарсыласы Мануэль Андухарадан 3 минут 55 секундқа оза шапты. Ал мотоцикл тақымдаған шабандоздар арасында Адриен Ван Беверен мәреге бәрінен бұрын жетті. 

Хабарламаларға жазылу