Болат Назарбаевқа тиесілі Қордай ауданындағы 34 гектардан астам жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жамбыл облысының прокурорлары, 2004 жылы учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған деп отыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22 гектар суармалы егістік алқабының бір бөлігі, базарға қызмет көрсету үшін беріліп кеткен. Бүгінде жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді, мемлекеттік актілердің күші жойылды.