Өнеркәсіп және құрылыс минситрлігі ұсынған Құрылыс кодексі жобасына Ұлттық кәсіпкерлер және Сараптамалық ұйымдар палатасының көңілі толмайды.
Олар Үкіметте бекітіліп, Парламент қарауына ұсынылған жобаны қайта қарау үшін минситрлікке кері қайтаруды қалайды. Сондықтан, палата мүшелдері Парламент Мәжілісіне жүгінді. Олардың айтуынша, құжатта шикілік кеткен. Мысалы, жобаны әзірлеуде әуел баста, салалық қауымдастықтар мен сарапшылар, ғылыми қоғамдастық пен бизнес өкілдерінің пікірі ескерілмеген. Сондай-ақ, құжат уақыт талабы мен саланың сұранысына сай келмейді. Оған қоса, жоба мемлекет басшысының тапсырмаларын формальді түрде ғана жүзеге асыруға бағытталған.