Өскеменде көп қабатты үйлердің кәріз құбыры жөнделіп, мәселе оң шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде көп қабатты үйлердің кәріз құбыры жөнделіп, мәселе оң шешімін тапты

17.01.2024

Өскеменде көп қабатты үйлердің кәріз құбыры жөнделіп, тұрғындарды толғандырған мәселе оң шешімін тапты. Меновное ауылындағы көп қабатты үйлерде кәріз жүйесі 3 жыл бұрын іске қосылған. Алайда, жұмыс істемеген. Себебі, құрылысшылардың техникалық қателігінен лас су кетпей, 5 үйдің жертөлесі мен кіреберісіне жайылған. Тұрғындар, құзырлы мемлекеттік органға және мердігер компанияға шағымданған. Нәтиже болмаған соң, ауылдықтар «AMANAT» партиясына жүгінген.

Надежда Шмыгалева, бастамашыл топ жетекшісі:

«Келесі күні іле-шала жиналыс өтті. Барлық жауапты мекеменің өкілдері келіп, мән-жаймен танысты. Нәтижесінде «Су арнасы» барлық олқылықты жойды. Тұрғындар ризашылықтарын білдіруде.

Аманбай Нұркенов, «Amanat» партиясы ШҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

Тұрғындардан келген сұрақтардың 35 пайызы осы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жатады. Себебі, осы мәселе халықты толғандырады. Біз партия тарапынан бұл мәселені қысқа мерзімде шешуге тырыстық.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу