Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары өтетін Оңтүстік Кореяға ел намысын қорғайтын спортшыларымыз кеше кешке жеткен еді. Осы елден қазір тікелей қосылымға әріптесіміз Диас Ахметшәріп хабар таратуға дайын.
Диас Ахметшәріп, ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:
Міне, жасөспірімдер Қазақстан ұлттық құрамасы кеше Сеулге қонып, кешкілетіп біз Каннын қаласына жеттік. Мынау Каннын қаласы, Канвондо провинциясы. Осы жерде төртінші қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары өтеді. Менің артымда, көріп тұрғандарыңыздай, Олимпиада қалашығы. Біздің ұлттық құрама жайғасты толығымен. Спортшылар келіп жатыр. 50 елден 1900-ге жуық спортшы спорттың бірнеше түрінен сынға түседі. Біздің балалардың барлығының көңіл күйі жақсы. Өздеріңіз білетіндей, бәрі тақиямен жүр. Қызығушылық көп басқа да спортшылардың тарапынан. Біздің еліміздің абыройы өсуде, имиджі өсуде. Біздің спорт формасына да барлық сырттан келген қонақтар өте бір қызығушылық танытып жатыр. Ауа райы, әрине, Астанадағыдай сықырлаған аяз емес. Дегенмен де суық, ылғал бар. -5-7 термометр көрсетіп тұр. Сол себепті жылы киініп жүрміз. Бүгін-ертең спортшыларымыз дайындықтарын өткізеді, соңғы дайындықтарын. Ертең Туризм және спорт министрі Ермек Мыржықпаев келеді деп күтілуде. Бірсүгүні Корея уақытымен кешкі сағат сегізде, яғни Астана уақытымен кешкі сағат 17:00-де Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Диас Ахметшәріп