Өзбекстанда «көлеңкелі экономикадан» келген шығын былтыр 30 трлн сумға жеткен. Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің салдарынан ішкі жалпы өнім 135 трлн сумға кеміген. Мәселен, 11 мыңдай мердігер ресми құжатта тек бір ғана жұмысшыны көрсеткен. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «көлеңкелі бизнес» адал еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге кедергі келтіріп, олардың өз ісін өркендетуіне тұсау болғанын айтты. Елде экономикалық қылмыспен күресетін 14 ведомство бар, алайда олардың жұмысында бірізділік жоқ, - деді ол.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:
Бүгінде 5 миллионға жуық адам ешбір келісім шартсыз еңбек етіп жатыр, оларға жалақы беретін кәсіпкерлер салық төлемейді. Біз бір нәрсені анық түсінуге тиіспіз, көлеңкелі экономика адал еңбек етіп жүрген бизнес иелерін аяқтан шалады. Осыдан келіп, «әділ бәсекелелестік қайда?» деген заңды сұрақ туындайды.
Базаркүл Отыншиева