Қабырғасын сындырған: Жамбылда әйелін ұрған қойшы үш жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қабырғасын сындырған: Жамбылда әйелін ұрған қойшы үш жылға сотталды

16.01.2024

Жамбыл облысында әйелін соққыға жыққан қойшы үш жыл, алты айға сотталды. Ол қосағының қабырғасын сындырып, жұмысқа кетіп қалған. Сонда да келіншек сотта күйеуінің басына бостандық сұраған. Өйткені балаларын әкесіз қалдырғысы келмепті. Дегенмен, судья жәбірленушінің өтінішін қанағаттандырмай, үш жарым жылға орта режимдегі мекемеде жазасын өтеуге үкім кесті.

Хабарламаларға жазылу