Ұлттық қор – балаларға: төлем алатындардың тізімі бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қор – балаларға: төлем алатындардың тізімі бекітілді

16.01.2024

Ұлттық қордан қанша балаға ақша бөлінетіні белгілі болды. Яғни, 6 млн 919 мың 131 баланың тізімі бекітілді. Осы 7 млнға жуық төлем алушының 304 мыңнан астамы биыл 18 жасқа толады. Олар қордан түскен қаражатты алғашқы болып биыл шешіп, білім алуға немесе баспаналы болуға жұмсай алады. Ал, халық тағатсыздана күтіп жүрген қаражат екі аптадан кейін түседі. Жоспарға сәйкес, 1 ақпаннан бастап балалардың шотына Ұлттық қордан ақша аударылады. Төлемнің түскенін ата-аналар еговтың сайтынан немесе мобильдік қосымшасына кіріп, тексере алады.

Мұрат Шарипов, «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры:

Бірінші ақпанда барлығын жариялайтын боламыз. Бірінші ақпанға дейін сәйкестендіру номері, салыстыру жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Жалғыз ЕНПФ ғана емес, бұл жерде басқа да мемлекеттік органдар бар. Сондықтан, ата-аналарға ешқайда барудың, ешқандай құжат тапсырудың керегі жоқ. Бәрі, цифрланудың арқасында осындай мүмкіндік бар. Автоматты түрде бәрі ашылады.


Хабарламаларға жазылу