Мәскеуде жылу желілерінің 40 пайызын ауыстыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде жылу желілерінің 40 пайызын ауыстыру керек

16.01.2024

Мәскеу облысының тұрғындары қақаған аязда жылусыз қалды. Климовск және Подольскі шағын аудандарында тұратын 150 мыңға жуық адам жылу мен жарықсыз отыруға мәжбүр. Құзырлы органдар жылыту қазандығынан ақау кеткенін айтады. Мәскеу маңындағы бірнеше елді-мекен де жылусыз қалған. Жергілікті билік желілердің түгелдей тозып кеткенін мойындады.

Светлана Разворотнева, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары:

Бұл қазандық көп жылдар бойы жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген. Өйткені оны тұрғындардың төлемі есебінен ұстап тұру мүмкін емес. Ал мемлекет бөлген қаражат қазандықты жаңартуға емес көбіне ескірген инфрақұрылымды жөндеп сақтап тұруға жұмсалған. Соңы, міне, осындай жағдайға алып келді. Негізі бізде жылу нысандары желілерінің 40% дереу ауыстыру қажет.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу