Дүниежүзілік банк Қазақстандағы 6 жобаны қаржыландырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы 6 жобаны қаржыландырады

16.01.2024

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті. Қаржылық ұйыммен серіктестік Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 30 жыл ішінде елімізде жалпы сомасы 8 млрд доллардан астам 48 бірлескен жоба сәтті іске асырылған. «Бүгінде 6 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті Әлихан Смайылов. Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Ұйым Қазақстан бойынша жаңа жобаларды дайындауды жандандырғанын, оған былтыр тамызда өткен келіссөздердің ықпал еткенін атап өтті.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу