Сенат төрағасы Еурокомиссияның вице-президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Еурокомиссияның вице-президентімен кездесті

15.01.2024

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинаспен кездесті. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев Еуропалық Одақ Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін және еліміз екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Біздің депутаттар «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің жұмысына белсенді қатысып келеді. Қазақстан Парламентінің Сенаты еуропалық әріптестерімізбен парламентаралық байланыстарды одан әрі жандандыруға, ортақ мүддені көздейтін мәселелер бойынша тұрақты, мазмұнды диалогты әрі қарай жалғастыруға дайын. 


Хабарламаларға жазылу