Еуропалық одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Сыртқы сауданың шамамен 30%-ы және тартылған инвестицияның 40%-ы соған дәлел. Былтыр тауар айналымы 5%-ға жуық өсіп, шамамен 38 млрд долларға жетті. Бұл туралы еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинаспен кездесуде айтты.
Сонымен қатар қазір елде 6 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 130-ы өткен жылы ғана қосылғанын жеткізді.