Атырау облысындағы балабақшада 3 жасар баланы қатарластары ұрып тастаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы балабақшада 3 жасар баланы қатарластары ұрып тастаған

15.01.2024

Атырау облысында балабақшада 3 жасар баланы қатарластары ұрып тастаған. Оқиға Махамбет ауданының Бейбарыс ауылындағы «Балдырған» балабақшасында болған. Түскі демалыс уақыты кезінде бақылаусыз қалған балалар ұйықтап жатқан бүлдіршінді тұрғызып алып, бірнешеуі жабылып, ұрып-соққан көрінеді. Жылаған баланың дауысын біразға дейін ешкім естімеген. Шамамен жарты сағатқа созылған. Содан соң ғана көрші топтың күтушісі келіп, тәрбиешіні шақырған. Бүлдіршіннің өзі сөйлей алмайды. Психикалық дамудың кешігуі диагнозымен ем алып, жақында балабақшаға қосылған екен.

Қазір аудандық полиция тергеп-тексеруді бастады. Жағдайға байланысты ата-анасы мен балабақша қызметкерлерінен түсінік алынып, балаға сараптама тағайындалды.

Орынтай Биманова, Атырау облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

Өзінің қызметін қажетті деңгейде жүргізбегені үшін 141 бап бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтижесін күтеміз. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу