Арнайы салық режимі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы салық режимі іске қосылды

15.01.2024

Ұлттық экономика министрлігі бизнесті бөлшек салықтың, арнайы салық режиміне ауысуға шақырды. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында министрлік бөлшек салық режимін пайдалана алатын қызмет түрлерінің тізімін кеңейтті. Оның бірнеше ерекшелігі бар. Өзгелерге қарағанда табыс салығының мөлшерлемесі төмен әрі кәсіпкер кез келген қалада жұмыс істей алады. Қызметкерлеріне төлейтін ай сайынғы жалақыны табысынан шегеруге мүмкіндік бар. Пайдалану өте қолайлы дейді мамандар. Аталған режимге жылдық табысы 2,2 млрд теңгеден аспайтын кәсіпкер ерікті түрде ауыса алады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу