Қостанай облысында боранда мал қарауға шығып жоғалып кеткен бақташы екі тәуліктен бері табылмай жатыр. Ал Мирный ауылының жанындағы шаруа қожалығынан жаяу шығып адасқан 47 жастағы әйел, 6 сағаттан соң табылды. Беті мен қолы үсіген ол қазір ауруханада, жансақтау бөлімінде жатыр. Өміріне қауіп жоқ. Жалпы, өткен үш күн ішінде өңірде қар құрсауында қалған, адасқан 64 адам құтқарылды. 150-ге жуық адам жылыту ортлалықтарына орналастырылды. Ал екі тәуліктен бері табылмай жатқан бақташы, Арқалық қаласының маңындағы Фурмонов ауылынан екі серігімен бірге жылқы іздеп шығыпты. Қасындағылардың бірі жаяулап елді-мекенге жеткен. Екіншісін құтқарушылар көлікке отырған жерінен аман-есен тапты.
Қайрат Қасым, облыстық ТЖД бастығы:
Бірақ бақташының өзі әлі табылмай жатыр. Оны іздеуге 29 адам 7 техника жұмылдырылды. Көз көрсетпейтін алай-дүлей боран жұмысты қиындатты. Бүгін таңертең ғана күн аздап ашылды. Енді іздеу жұмыстарын кең ауқымда жүргізетін боламыз.
Дәуренбек Әбдібек