Өзбекстанның 6 облысында жасыл энергия станциялары іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанның 6 облысында жасыл энергия станциялары іске қосылды

15.01.2024

Өзбекстанның 6 облысында жасыл энергия өндіруші станциялар іске қосылды. Қуаттылығы 2400 мегаватты құрайды. Солардың бірі қазақтар көптеп қоныстанған Бұхара облысының Қарауылбазар аймағында орналасқан.

Жобаның жалпы құны 2 млрд доллар. Осы станциялардың үздіксіз жұмысының нәтижесінде бірнеше мың абонент жарықпен қамтылады. 2 миллиард текше метр табиғи газ үнемделеді. Қазір жалпы қуаты 9 гигаватт болатын 22 күн және жел электр станцияларының құрылысы жүріп жатыр. Жобаға әлемдегі озық елдерден инвестиция тартылған. 2030 жылға дейін Өзбекстанда жасыл энергия көлемін 27 гигаватқа жеткізу жоспары бар. Бұл табиғи газды үнемдеумен қатар ауаға таралатын зиянды қалдықты 34 миллион тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу