Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген 326 лото клуб жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген 326 лото клуб жабылды

15.01.2024

Елде 300-ден астам заңсыз лото клубтың қызметі тоқтатылды. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, лотерея клубтарының атымен жұмыс істейтін заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісін жою операциясын өткізді.

Тінту кезінде 23 атыс және травматикалық қару, 247 млн теңге, 55 млн Ресей рублі, 125 мың АҚШ доллары, компьютерлік техника, мобильді құрылғылар, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олардың табысының шамамен 70%-ы шетелге шығарылған.

Заңсыз ойын қызметінен басқа, VIP-клиенттерге интимдік қызметтерді ұйымдастыру, есірткі заттарын пайдалану фактілері тіркелді. Арнайы операция барысында полицияға 400-ден астам адам жеткізілді. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу