Кеше Астанадағы Нұрсұлтан-1 вокзалында адамдардың кептелісі болып, бірін-бірі жаншыған сәтінің видеосы тарады. Куәгерлер 1 адамның құлап, тапталып қала жаздағанын да айтып жатыр.
«Қазақстан Темір Жолы» оқиғаға қатысты бірден түсініктеме берді. Автожолдардың жабылуына байланысты жолаушылар ағыны күрт көбейіп кетті. Әрі сол уақытта екі пойыз бір уақытта келіп, жағдайды қиындатқан. «Вокзал бойынша кезекші жағдайды реттеуге тырысқанымен, халық кезек сақтамады, эскалатордағы қауіпсіздікке назар аудармады», - делінген ресми жауапта.
Қазір теміржол вокзалы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Оңғар Алпасбайұлы