Креативті индустрия өкілдері салықты жеңілдетілген талап бойынша төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Креативті индустрия өкілдері салықты жеңілдетілген талап бойынша төлейді

14.01.2024

«Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірге кешенді жұмыс жүргіздік», деп жазды фейсбуктегі парағында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Мақсат- шығармашылық субъектілеріне салықты жеңілдету. Үкімет қаулы қабылдаған. Оған сәйкес 40 қызмет түрі арнайы бөлшек салық режиміне өтті. Нәтижесінде шығармашылық субьектілері КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылды. Олар енді бірыңғай салықты ғана төлейді. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін 2%-дан 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін. Тек компанияның жылдық айналымы 2,2 миллиард теңгеден аспауы, ал штатта 200 адамнан көп болмауы қажет.

Салықты жеңілдету кино, бейнеконтент пен телебағдарламаларды өндіруге және одан кейінгі өндіріске, музыкалық шығармаларға дыбыс жазу мен басып шығаруға, театр және музей өнеріне, сәулет және дизайнға, қолөнер бұйымдарына, халық шығармашылығына және кәдесыйлар өндірісіне әсер етеді.

Креативті индустрия саласында жұмыс істеп жүргендер риза болып жатыр. Бізде ұшқындары бар, әсіресе заманауи музыка жазатын, орындайтын жастар бізді риза қылып бастады. «Беу фм» деген радиодан естіп жүрміз. Ұлттық арна екі жыл болды, жыл соңындағы марапат концертін түсіріп беріп жүр.


апта

Хабарламаларға жазылу