Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі

14.01.2024

1 наурыздан бір уақыт белдеуіне көшеміз. Еліміздің бар аймағында бір уақыт жүреді. Неге? Бұл басты сауал. Екінші сауал: салыстырмалы түрде вертикаль – тігінен орналаспаған, шығысынан батысына дейін 3мың шқырымды құрайтынұланғайыр жеріміздің сол шығысы мен батысында тұратын адамдардың денсаулығына, тіршілігіне әсері қандай? Біз жеріміздегі Күннің шығуы мен батуындағы айырмашылық кәдімгідей екенін әсіресе ораза ұстағанда қатты байқаймыз. Шығыс жұрты ауыз ашып, раһаттанып отырса, батыс елі сабырлықпен уақытын күтіп жүреді.

Осы екі сауалдың жауабын Серік Жұмабек іздеп көрді. Бір нәрсе- қазір қанша тырыссақ та, бәрін 1-наурыздан кейін ұғатын сияқтымыз.

Серік Жұмабек, тілші:

Ғалымдар, Қазақстанның басым бөлігі соңғы 1 ғасырда өзінің табиғи уақытына қарағанда бір сағат ерте келе жатқанын айтады. 1930 жылы 16 маусымда Сталиннің жарлығымен Кеңес Одағының барлық аумағында уақыт 1 сағат ілгері жылжытылған. Негізгі мақсат, табиғи жарықты тиімді пайдалану және электр энергиясын үнемдеу деп түсіндіреді. Міне, содан бері 5- сағаттық белдеудегі Астана, Алматы секілді қалалардың бәрі әлі күнге басқа уақыт белдеуімен жүруге мәжбүр.

Болат Нұрхожаев, хронобиология маманы:

Біздің Қазақстанда Сталиннің заманынан бір сағат озық декреттік уақыт қолданыста. 00.07.50.00- 00.08.22.09 // Декреттік уақыт дегеніміз үнемі алға жылжытылған жазғы уақыт, екеуі бірдей. Декреттік уақыт тіптен зиянды. 1930 жылы Сталиннің заманында соны қолдансақ, 1981 жылдары шетелдің практикасына еліктеп жазғы уақытты оған тағы қостық. Сондықтан ол шешімдер қате болды. Сондай қателіктердің салдарынан шатасып, шатасып біз Қостанай мен Қызылорда облысын басқа уақыт белдеуіне ауыстырып жіберген жағдай болды.

Сұлтан Тілеуханов, ҚР ҰҒА Корреспондент мүшесі, профессор:

Декрет уақыты болғанда кезінде бір сағат уақытты ұрлап алды деп айтуға болады. Алып қойды да қайтадан қалпына келтірген жоқ.

Бір қызығы, 2014 жылы Ресей дәл осы декреттік уақыттан бас тартқан. Ал, біз бұл мәселені енді көтеріп жатырмыз.Қазақстанда қазір ресми түрде UTC+5 және UTC+6 сағаттық белдеулері қолданылады. Салдарынан, батыс өңір мен басқа аймақтар арасында 1 сағат айырмашылық қалыптасты.Ғалымдардың«UTC+6 аумағындағы тұрғындар өзінің географиялық уақытынан шамамен 1 cағат 20 минуттай алда өмір сүреді,тиісінше биологиялық ритмдар бұзылып, созылмалы аурулардың пайда болуына ықпал етті»,- деп дабыл қаққаны да сол. Тіпті, хронобиология ғылымында, медицина саласында «Әлеуметтік сағаттық белдеулер ауысуы синдромы» деген термин пайда болған.

Әмір Қуат, ғалым, биотехнолог:

Сіз UTC+6 да ұйықтап жатқандықтан түнгі уақытыңыз 1 сағатқа қысқарып отыр да, сол бір сағат жеткіліксіз болғандықтан адамның ағзасына керек регенерациялық процестер өтіп үлгере алмай жатыр. Сондықтан рак көбейіп кетті, жүрек аурулары көбейіп кетті, суицид көбейіп кетті. Неге? ол адамның психоэмоциональдық состояниесіне әсерін береді.

Болат Нұрхожаев, хронобиология маманы:

Өзіңіз білесіз Қызылорда облысында, Батыс өңірлерде де Астана уақытымен қойылған жиналыстардың сәйкессіздігі бар. Оларда таңғы 9-ға қойған жиналыс бізде сегіз, түстің кезінде бізде үште қойылған ас уақыты деген сияқты сәйкессіздіктер. Поездан, самолет уақытынан шатасу деген сияқты мәселелер бар.

Міне осындай келеңсіздіктерді болдырмас үшін UTC+6 сағаттық белдеуін мүлдем алып тастап, бүкіл елді бір уақыт UTC+5 белдеуіне көшірмек. Сәйкесінше, Қазақстан бойынша бір уақыт белгіленеді.

Еркін Аманжолұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Мысалы қазір біз +5 ке көшсек, Алматы мен Астанада жарты сағат қана айырмашылық болады. Шығыс Қазақстанда жарты сағат, Қостанайда бір жарым сағат болып еді, енді жарты сағат болады айырмашылық табиғи уақытпен.

Болат Нұрхожаев, хронобиология маманы:

Қазіргі таңда ШҚО бізге қолайсыз деп отыр. Бірақ, UTC+5 сағатын қолданса оларда тал түс уақыты 11 жарымға сәйкес келеді. Шығыс қазақстаннан Түркістан облысына дейінгі елді мекендердің бәрі UTC+5 аумағында деуге толық негіз бар.

Осылайша, Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстары уақытты1 сағатқа артқа жылжытады. Тек, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары өзгеріссіз қалады.

Еркін Аманжолұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты

Қостанайда бір жарым сағат айырмашылық табиғи уақытпен. Сағат бір жарым да ғана табиғи түс болады Қостанайда. Ал енді бір сағатқа ауыстырсақ Қазақстанның ең көп облыстары өзінің табиғи уақытында болады.

Ермек Тоқбергенов, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры:

Уақыт белдеуін өзгерту адам ағзасына ерекше әсер етпейтінін бірден ескерткім келеді. Әрине, бұл психоэмоционалды фактор. Тағы да қайталаймын, бұл өзгерістер денеге қысқа уақыт ғана әсер етеді. Адам 2-3 күн ішінде бейімделеді.

Мамандарәлемнің 175 елібірыңғай уақыт белдеуімен өмір сүретінін айтады. Яғни, қорқатын дәнеңе жоқ. Қазір мұндай тәжірибені көршілес елдер де қарастырып жатқан көрінеді.

Сұлтан Тілеуханов, ҚР ҰҒА Корреспондент мүшесі, профессор:

Қытайда бір-ақ пояс. Қытайдың жері бізден 2-3 есе үлкен ғой, соған қарамастан олар түсінді, ғылыми көзқараспен соны шешіп, барлығы жақсы қалпына келіп жатыр.

Еркін Аманжолұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты

Ресей үлкен ел болғасын бір белдеуге көшуге болмайды. Оларда бірнеше белдеу. Бірақ, әрбір аймақтарда қай белдеуде жату керек екендігі оларда да қазір пікір таластар болып жатыр. 00.00.28.09- 00.00.50.15 // Өзбекстан қазір бір белдеуде, сосын олар +5 белдеуде. Қызғызыстан бізден кейін осы мәселені көтеріп жатыр.

Естеріңізде болса, 2018 жылы Қызылорда облысында жергілікті уақыт 1 сағат кейінге шегерілген еді. Ол кезде де халық қалай болар екен деп уайымдаған. Бірақ, «Қазір оның дұрыс шешім болғанын тұрғындардың өзі де растап отыр»,- дейді мамандар.

Болат Нұрхожаев, Хронобиология маманы:

2018 жылы Қызылорда облысында сағат тілі 1 сағат шегерген бірінші күні ақ балалар сабаққа бара жатып, аға біз бүгін өзіміз тұрдық деді. Яғни, ол балаларды оған дейін біз мәжбүрлеп табиғатына қайшы оятып жүргеніміздің дәлелі. Ол қазіргі таңдағы балалрға пайдалы болытыны сөзсіз.

Серік Жұмабек, тілші:

Қазір де UTC+6 аймағындағы халық арасындабірыңғай уақыт белдеуінтүсіне алмай жатқандар көп. Мысалы, егер уақытты бір сағатқа шегерсек, күн әдеттегіден ерте атып, ұйқыдан бір сағат ерте тұрамыз ба? жұмыс уақыты өзгеріп кетпей ме?»,- деп жатқандар бар. Ал мамандар, бірыңғай уақыт белдеуі енгізілсе керісінше бір сағат кеш тұратынымызды айтады.

Әмір Қуат, ғалым, биотехнолог:

Қазір біз Астанада, Шығыс қазақстанда бәріміз UTC+6 белдеуде тұрамыз. UTC+6 бойынша біз таңғы сағат 7 де тұрамыз. Ол UTC+5 те таңғы сағат 6 мен тең. Енді, біз мына уақытты жоямыз да, мынаған көшеміз. Біз қалай таңғы сағат жетіде тұрдық, дәл солай таңғы сағат жетіде тұрамыз. Бірақ, UTC+5 бойынша таңғы сағат жеті болған кезде UTC+6 бойынша 8 ге тең емес пе. Демек, түннің ұйқысы бір сағатқа ұзарады.

Болат Нұрхожаев, Хронобиология маманы:

Кейбіреулер айтып жатыр ғой, күндізгі уақытымыздан 1 сағат жоғалтамыз деп. Тәулік біздің сағат тілін қозғағанымызбен ұзармайды да, қысқармайды да. Ол күннің атысы мен батысымен есептелетін нәрсе. Ол бізге бағынбайды.

Бірыңғай уақыт белдеуін енгізбей- ақ, әр өңір өзінің табиғи уақытымен жүре берсе болмай ма? деп жатқандар да бар. Бірақ, ғалымдар бұл үлкен экономикалық дағдарысқа алып келетінін айтады.

Әмір Қуат, ғалым, биотехнолог:

Егерде біз өзіміздің әлеуметтік уақытымызды табиғи уақытқа теңестіретін болсақ, ол біздің экономикалық жағдайымызға сай келмейді. Өйткені, адамның жұмыс жасау уақыты күн сайын өзгеріп отырады. Сондықтан ол керек емес нәрсе. Біздің қолымыздан келетіні тек әлеуметтік уақытты өзгерту.

Болат Нұрхожаев, хронобиология маманы:

Уақыт өлшемінде ешқандай идеальный уақыт өлшемі жоқ. Әр облыс, әр елді мекен өзінің сағатымен өмір сүретін болса Қызылорда, Қызылордадан шыққаннан кейін Жусалыға барғанда сағатыңызды 15 миинутқа кейін шегеру керек болады. Бірақ, ол қазіргі таңда мүмкін емес.

Қысқасы,уақыт белдеуінің өзгерісіне бейімделу үшін әр азамат күн тәртібін дұрыс жоспарлай алса жеткілікті. Бұл, біріншіден денсаулық үшін қажет.

Гульмира Калмашевна, С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті, экология кафедрасының меңгерушісі:

Егерде тынығу уақыты мен белсенді жұмыс жасау уақытының ара қатынасы дұрыс сақталатын болса бұл денсаулыққа зиянын тигізбейді.

Бағай Назарбайұлы, Астана медицина университеті, ғылыми зерттеу институтының қызметкері:

Уақыттың өзгерісі мен адам ағзасының өз қызметін дұрыс сақтай білуі сәйкес болған жағдайда, егер түнгі сағат 12 де ұйықтамасақ бауыр қызметінің әлсіреуі жалғаса береді. Ол уақыт созылған сайын ағзаның қызметі бұзылысына алып келеді.

Серік Жұмабек, тілші:

Жауаптылар, «бірыңғай уақыт белдеуін енгізу бір реттік шара әрі қаржылай шығынды қажет етпейді»,- деп отыр. Бар болғаны 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні әлеуметтік уақытты яғни, қолыңыздағы сағат тілін 60 минутқа артқа жылжытсаңыз болғаны.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу