БҚО-да «Қаладан – ауылға» жобасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да «Қаладан – ауылға» жобасы іске қосылды

13.01.2024

«Қаладан - ауылға»! Батыс Қазақстан облысында осындай қанатқақты жоба іске қосылды. Бұл - ауылды иесіз қалдырмай, туған жерді түлету мақсатында қолға алынған бастама. Ауылға көшемін деген азаматтарға қолдау бар. Мәселен, былтыр «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы 775 жас маман жұмысқа орналасқан. Ауылдағы дәрігерлерге төленетін қаржылай көмектің көлемін 5 млн-нан 8 млн теңгеге дейін көбейту көзделген. Сондай-ақ, өңірде жас отбасыларды баспанамен қамту үшін «Отбасы банкке» 600 млн теңге бөлінді. Тиісті меморандумға қол қойылды. Соңғы үш жылда ауыл-аймаққа 3 616 адам қоныс аударған.


Әділбек Жолдасбеков, кәсіпкер:

Ауылда жұмыс көп, бірақ жұмысшы жоқ. Сол малшыны да таба алмаймыз кейде 500 мың теңгеге. Сіз қалаға келген кезде үйіңіз бар ма, әлде жалдайсыз ба? Қазір екі бөлмелі пәтерді жалдау - 120 мың теңге. Ол үшін сіздің жалақыңыз қанша болуы керек сонда? Сол себепті жастарды ауылға шақырамыз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу