Әлемде мұнай бағасы қымбаттап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы қымбаттап барады

12.01.2024

Әлемде мұнай бағасы қымбаттап барады. Бұған Америка мен Ұлыбританияның Йеменде жүргізіп жатқан арнайы әскери операциясы әсер еткен. Жарылыстардан кейін қара алтын күрт қымбаттай бастады. Мәселен, брент маркалы мұнайдың құны 4 пайызға көтеріліп, 80 доллардан сатылып жатыр. Ал WTI-дің бағасы 75 долларға жетті. Трейдерлер әскери операция мұнай өндірісі мен оның тасымалына кері әсер ете ме деп алаңдап отыр. 

Хабарламаларға жазылу