Этнографтар жыл сайын Наурыз мейрамы өз деңгейінде өткізілмей жатқанын айтады. Болат Бопайұлының пікірінше, Григорян күнтізбесі бойынша келген Жаңа жылды жақсы қарсы аламыз да, Наурызға келгенде «Наурыз! Жаңа жыл!» деген ұраннан аса алмаймыз. Іске келгенде ғибраты мол, әдет-ғұрып және салт-дәстүрге негізделген игі істер жасалмайды. Ғалым бұрын кемі он күнге созылған мерекеде жас ұрпаққа ақ бата беріліп, ағаш егіліп, ренжіскендер татуласқанын айтады.
Болат Бопайұлы, этнограф, жазушы:
Үлкен ақындар айтысын, ат бәйгесін, арқан тартуды балалар ойынын, құда түсу, келін түсіру дегенді осы айға қойып жасайтын. Жылдың басы қалай басталса, жылдың соңына дейін өте жақсы болады дейтін. Сосын үлкен тайқазандарға тілеу көжелер жасайтын, барлық кешірімдер сұрайтын, ағаш егетін, бұлақ көзін ашатын өте керемет мереке ғой.