Елімізде тауық етінің тапшылығы болуы мүмкін. Сарапшылардың осындай болжамына Сауда және Интеграция министрі жауап берді. Арман Шаққалиевтің айтуынша, жетіспеушілік болу қауіпі төмен, десе де тапшылыққа себеп бар. Өйткені Ресейде қазір тауық еті жетіспей, бағасы да қымбаттай түскен. Бұл бізге де әсер етуі мүмкін. Өйткені ішкі нарықтың 13 пайызын солтүстіктегі көршіміз қамтып отыр. Десе де, министр өндірісті арттырса, өзіміздің шаруалар да ел нарығын толық қамти алады деген сенімде. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ деп сендірді..