Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтілді

12.01.2024

Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтілді. Биылдан бастап шетелдік жұмысшылардың көрші елде еңбек етуі қиындай түсті. Яғни еңбек мигранттарына қоғамдық тамақтану орындары, балабақша, қонақ үйлерде жұмыс істеуіне тыйым салынды. Сондай-ақ шетелдік азаматтар Ресейде жұмыс істеуге рұқсат алу үшін тұрақты және заңды табыс көзінің болуын растайтын құжаттар талап етіледі. Орыс тілінен емтихан тапсыру да міндетті, бірге келетін отбасы мүшелерінің саны да шектеулі. Жыл сайын Ресейде 10 миллионға жуық шетелдік жұмысшы тіркелсе, былтыр олардың саны 40 пайызға кеміген.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу