Риддер қаласына су беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер қаласына су беріле бастады

12.01.2024

Шығыстағы Риддер қаласына су беріле бастады. Қазір орталық құбырға қосылған көпқабатты үйлер мен нысандарда судың қысымы да біртіндеп көтеріліп келеді. Шаһар тіршілік нәрін алып отырған Громотуха өзенінің арнасына көшкіннен түскен қарды ағыс өзі шайып жатыр. Ал өзеннің ағысымен келген көксоқта қар гидро-электр станциясына кептеліп қалған. Осының кесірінен нысандағы судың деңгейі күрт төмендеген. Кешеден бері қаһардағы кейбір шағын аудандар сусыз қалған. Коммуналдық сала мамандары қалаға суды жерасты тоспасы арқылы беруді қолға алды. Қазір гидро-станциядағы кептелген қарды арнайы техника арқылы тасымалдап, ыстық сумен шайып жатыр.

Дәулет Батырбаев, Риддер қаласының әкімі:

Қалада қазір су бар. Кешеден бері техника тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Судың деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді. Енді насостарды іске қосамыз. Бүгін кешке дейін су толық беріледі.Сол кезде суық судың қысымы да көтеріледі.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу