БҚО-да қызылша қайта асқынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да қызылша қайта асқынды

12.01.2024

Батыс Қазақстан облысында қызылша ауруы қайта асқынды. Өңірде он күнде 48 жағдай тіркелген. Мамандар эпидемиологиялық ахуалды тұрақсыз деп отыр. Былтыр 477 науқас қызылша дертіне шалдыққан. Дені - екпе алмаған кәмелетке толмаған бала. Облыста 50 500 адамды жаппай иммундау жоспарланған. Күні бүгінге дейін олардың 30 мыңнан астамы екпе алды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу