БҚО-да миллион доллар бопсалаған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да миллион доллар бопсалаған күдікті ұсталды

12.01.2024

Батыс Қазақстан облысының полицейлері миллион доллар бопсалаған күдіктіні қолға түсірді. Қала тұрғыны етті мал шаруашылығымен айналысатын серіктестік құрылтайшыларынан қомақты қаражат талап еткен. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні жеңіл көлік ішінде ақша алып жатқан жерінен ұстады. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы орындықтың қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Қол сөмкесінен тағы 50 мың теңге табылды. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі, яғни бопсалау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу