Атырауда жастар театры ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жастар театры ашылды

11.01.2024

Атырауда жастар театры ашылды. Театр осыдан 10 жыл бұрын өңір жастарынан құрылып, өздіктерінен еңбек етіп, өнердің туын көтерген. Өнерге ынтық жас буын ұжымы «Жастар театры» деп аталып, аудандарға, көршілес облыстарға сапарлар ұйымдастырып, тіпті шетелдік театр фестивальдерінде топ жарған. Бүгінде құрамда 25 актер жұмыс істейді.

Асылхан Төлепов, Музыкалық жас көрермен театрының актері:

Шын жүректен құттықтаймыз! Атыраудың жастары өте талантты. Сол өздерінің жекешеленіп, бөлініп шыққанына өте қуаныштымыз. Енді жас болғаннан кейін, біз өте олардың ішкі жан дүниесін барлығын түсінеміз. Тек уақыт беруіміз керек. Сол уақытта олар өздерінің бар күш жігерін салатын болады.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу