Еліміздің зиялы қауым өкілдері Президенттің "Егемен Қазақстан" газетіне шыққан «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген тақырыппен шыққан сұхбатын талқылады. Жазушылар Одағында жиналған бір топ қаламгерлер мен ғалымдар, сондай-ақ, депутаттар мемлекет басшысының ашық сұхбаты болашаққа нық қадам басуға үндейтінін алға тартты. Кең көлемді мақалада астын сызып тұрып айтатын мәселелерге тоқталды.
Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Онда 3-4 заңның заман талабына сай қабылданған және жұмыс істей бастағанын айтады. Ол қандай заңдар? Ол мысалы Парламенттік оппозиция,банкроттық туралы заң және заңсыз активтерді қайтару туралы заң. Кеше алғашқы түскен ақшаларды айтты, қайтқан ақшаны 876 миллиард теңге. 1 триллионға жетпейді, 100 триллионнан 1 триллион 100-ден бірі. Бірақ бір қуанатынымыз заң қабылданды, комитет іске кірісті, сең қозғалды, қайтып жатыр.
Мереке Құлкенов, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының төрағасы:
Әсіресе, конституциялық сотқа байланысты айтылған нәрсе. Конституциялық соттың шығарған шешіміне Президенттің өзі қарсылық жасай алмайды, түзету енгізу алмайды деген сөз. Бұл кісі кесіп айтты, мен 7 жылға келдім, 7 жылдан кейін кетемін деген сөз. Бұл да болса қазақтың болашаққа сеніммен қарауына, ертең Қасым - Жомарт Тоқаевтан кейін тағы бір мықты қазақ келеді деп сенуіне жағдай жасалып отыр.
Сондай-ақ, жиналғандар сұхбатта айтылған ұлттық идеологиямызды нығайта түсетін бастамаларға ерекше тоқталды. Мәселен, биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстары аяқталмақ. Одан бөлек, жиналғандар қаңтар оқиғасы төңірегіндегі көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап табылды дейді.
Қасымхан Бегманов, Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары:
Шынында қаңтар оқиғасы халықтың көкейінде жүрген мұңлы нота секілді, көп жауапсыз қалған сұрақтар, қанды қасыретті көп тағдырларды, көп адамдардың тағдырларын мемлекетте үлкен төңкеріліс жасағысы келген, сондай халықтың көкейінде жүрген күмәндә ойларды Президентіміздің ашып айтқандығы халыққа ұнады Әсіресе соңғы кездегі белең ала бастаған тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі қатаң жазаланатындығы туралы нақты тапсырмалар берілгендігі маған ұнады, бұл халыққада ұнады, себебі халық осыны күтіп отырған.
Әйгерім Ердәулет