Елімізде баспана саудасы қайта қызды. Өткен айда 31 мыңнан астам үй сатылған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 19 пайызға көп. Баспана сатылымы бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 7594 пәтер саудаланды. Екінші орында – Астана. Елордада 7 157 келісімшарт жасалған. Одан кейін Қарағанды облысы тұр. Ал баспана ең аз сатылған өңір - Ақтөбе облысы. Жалпы былтыр жаңа тұрғын үй бағасы 4,4 пайызға өсті. Ал екінші нарықтағы пәтер керісінше 2,9 пайызға арзандады.